ЕИТИ
Email: eitiekb@eiti.edu.kz
Кафедрасының меңгерушісі лауазымына конкурс - Хабарландыру

Хабарландырудың жарияланған күні: 2021 жылғы 1 қыркүйек

Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 54А ғимаратта орналасқан «Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты» мекемесі «Металлургия және жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасының меңгерушісі лауазымына конкурс жариялайды:

 

Кафедра меңгерушісі лауазымының біліктілігіне қойылатын талаптар:

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, педагогикалық қызметкерлер немесе басшы құрам лауазымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

 

Өтініш беру мерзімі: осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей.

Құжаттар қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 16 қыркүйек 2021 ж., сағ. 17:00 (қоса алғанда).

Ақпарат алу мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 54А ғимарат, 20 каб. Телефон: 8(7187)76-12-86  (8.00-ден 17.00-ге дейін), е-mail: eitiekb@eitiedu.com.

 

Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:

  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Кадрларды  есепке алу бойынша жеке парағы;
  • Өмірбаян;
  • Жоғары немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломның, ғылыми және академиялық дәрежесі және(немесе) ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері;
  • Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы соңғы бес жыл бойынша сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
  • Ғылыми  енбектері және өнертабыстарының тізімі(бар болған жағдайда);
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандағы медициналық анықтама немесе жеке медициналық кітапша;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепте тұрмайтындығы туралы наркологиялық және психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Институттың қызметкерлері келесі құжаттарды тапсырады:

  • өтініш;
  • кафедраның ұсынысы (кафедра мәжілісінің хаттамасы).

Конкурсқа қатысушы өтінішін қосымша құжаттарымен бірге конкурсқа қатысу үшін электронды түрде аталған хабарландыруда көрсетілген Институттың электронды мекен жайына жібере алады. Форс-мажорлық жағдайларды есептемегенде, үміткер құжаттардың түпнұсқаларын конкурстық комиссияның отырысы күнінде ұсынады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты (алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) және біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне қатысты қосымша ақпаратты бере алады.

 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021