ЕИТИ
Бізді табыңыз:
Ғылыми-тәжірибелік конференция

 

       Екібастұз инженерлік-техникалық институты академик Қ. Сәтбаев атындағы ғылыми-зерттеу қызметін жүйелі түрде дамытып, студенттердің, жас ғалымдар мен оқытушылардың ғылыми жұмысқа белсенді қатысуына жағдай жасайды. Институттың ғылыми іс-шаралары заманауи зерттеулерді ілгерілетуге, тәжірибе алмасуға және академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

    Институт жыл сайын Кузбас мемлекеттік техникалық университетінің Прокопьевск қаласындағы филиалымен бірлесіп ұйымдастырылатын «Білім сапасын арттыру, ғылым мен өндірістегі заманауи инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Бұл конференция түрлі елдердің зерттеушілерін, сарапшыларын, білім беру және өндіріс ұйымдарының өкілдерін біріктіреді. Конференция инженерия, техника, экономика, ақпараттық технологиялар және аралас салалардағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды алаң болып табылады.

       Сонымен қатар, институтта семинарлар, дөңгелек үстелдер, ғылыми форумдар және студенттік зерттеу іс-шаралары тұрақты түрде өткізіледі. Бұл бастамалар білім алушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға, инновациялық жобаларды қолдауға, озық тәжірибені енгізуге және серіктес ұйымдармен байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

        Академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ-дің ғылыми іс-шаралары кәсіби құзыреттерді қалыптастыруда, зерттеу көкжиегін кеңейтуде және білім беруді саланың практикалық міндеттерімен интеграциялауда маңызды рөл атқарады.

2025 жылғы 15 мамырда Екібастұз инженерлік-техникалық институтының бірінші ректоры, президенті, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Марат Пазылұлы Марденовтың 85 жылдығына арналған «Білім беру сапасын арттыру, ғылым мен өндірістегі заманауи инновациялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы, академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ және Ресей Федерациясы, Прокопьевск қаласындағы Т.Ф. Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университетінің филиалы.

Конференция екі бөлімнен тұрды: пікірталас форматындағы пленарлық отырыс және жеті секция бойынша жұмыс.

Пленарлық отырыста сөз сөйлегендер:– кіріспе сөзбен академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ ректоры, т.ғ.к., доцент Сиваракша Д.М.;– құттықтау сөзбен Т.Ф. Горбачев атындағы КузГТУ филиалының директоры, т.ғ.к., доцент Пудов Е.Ю. (бейнежолдау форматында);– баяндамалармен: Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Макраев Н.К., Т.Ф. Горбачев атындағы КузГТУ филиалының ИТМА кафедрасының аға оқытушысы Шальков А.В., студент Сюрсина Е.Е.;– сондай-ақ академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ студенттері: Тойшықожа М. (ғыл.жет. – Магзумова Г.К.), Жумабекова А. және Рамазанова Д. (ғыл.жет. – Рахишева А.Б.), Такеева Э. (ғыл.жет. – Умарова Б.А.), Близниченко В. (ғыл.жет. – Нурмаганбетова Б.Н.), Федорякин И. (ғыл.жет. – Колесниченко Н.Ю., Крутоус С.Ф.), Старков Ю. (ғыл.жет. – Кожамжарова М.К., Идрисов Б.С.), Кравцова С. және Лубяная А. (ғыл.жет. – Рахишева А.Б.).

Секциялық жұмыс келесі жеті бағыт бойынша жүргізілді:
1-секция. Тау-кен ісі және металлургия.
2-секция. Экономика мен қаржының заманауи аспектілері.
3-секция. Әлеуметтік-гуманитарлық білім: теория және практика.
4-секция. Құрылыс және көлік.
5-секция. Электр энергетикасы, жылу энергетикасы және технологиялық үдерістерді автоматтандыру.
6-секция. Ақпараттық технологиялар.
7-секция. Еңбек қорғау және өндірістік экология.

 

 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021