«Автоматтандыру және ақпараттық жүйелер» кафедрасы ақпараттық технологиялар және өндірісті автоматтандыруға байланысты білім беру бағдарламалары бойынша институттың жетекші бөлімше болып табылады.
Кафедра түлектері «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз станциясы» АҚ, «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «R.W.S. Wheelset» ЖШС сияқты облыстағы ірі қала құраушы кәсіпорындардың ақпараттық, қаржы-экономикалық бөлімдерінде және технологиялық процестерді автоматтандыру қызметтерінде еңбек етуде.

Қазіргі уақытта кафедра бакалавриаттың келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырады:
-
6В07132 – Автоматтандыру және басқару
-
6В06110 – Ақпараттық жүйелер
Кафедраның миссиясы – сапалы білімді, жинақталған тәжірибені, корпоративтік интеллекті, адамгершілік әлеуетті пайдалана отырып IT-мамандардын оқыту және осы саланың жаңа бағыттарын құрастырып, әрі қарай дамыту болып табылады. Кафедра білімге қол созып, табысқа ұмтылуды қолдайды. Миссияны жүзеге асыру- кәсіби білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Гүлденген қоғамда ойлаған жетістікке жетудің кепілі- білім.
Бөлім қызметінің стратегиялық бағыттары:
-
ақпараттық жүйелер мен технологияларға қатысты салаларда Қазақстан Республикасында ғылыми-педагогикалық мектепті қалыптастыру;
-
білім беру қызметінің сапасының өсуі және кафедра мамандықтары бойынша білім беру қызметінің оң имиджін құру;
-
тұтынушылар арасында институттың білім беру қызметтері мен бәсекелестер арасындағы айырмашылық туралы түсінік қалыптастыру және оның аймақтың білім беру нарығындағы үлесін барынша арттыру.
-
жоғары кәсіби мамандарды даярлаудың тиімді жұмыс істейтін жүйесін құру және ұйымдастыру, автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және бакалаврларды оқыту үдерісінде білім беру саласындағы білімдерді тарату және қолдану.
