ЕИТИ
Бізді табыңыз:
Жалпы ақпарат

 «Академик Қ.И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты» мекемесі (бұдан әрі - академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ. ) Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру жүйесінің субъектісі болып табылады және өз қызметін әділет органдарында тіркелген Жарғы, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік (№0456499 серия, тіркеу нөмірі 798-1945-16-Е) негізінде жүзеге асырады.

Институтты аккредиттеу. 2021 жылы ЕИТИ білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстандық агенттікте (IQAA) институционалдық аккредиттеуден сәтті өтті. Институционалдық аккредиттеу туралы куәлік: тіркеу нөмірі ІА-а№0123. Жарамдылық мерзімі: 2021 жылғы 22 мамырдан 2026 жылғы 21 мамырға дейін. Берілген күні: 2021 жылғы 22 мамыр.

Аккредиттелген білім беру бағдарламалары. Институт Бакалавриат деңгейіндегі келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтеді: 6В07132 Автоматтандыру және басқару; 6В06110 Ақпараттық жүйелер; 6В07222 Металлургия; 6В07214 Металлургия; 6В04130 Қаржы; 6В04110 Экономика; 6В04120 Менеджмент; 6b07124 Электр энергетикасы; 6В07310 Құрылыс; 6В07152 Көлік, көліктік техника және технологиялар; 6B11330 көлікте тасымалдауды ұйымдастыру және басқару; 6В07212 Тау-кен дело; 6В07140 Технологиялық машиналар мен жабдықтар (тау-кен машиналары мен жабдықтары); 6b07110 Жылу энергетикасы; 6B07125 Жылу энергетикасы;

Аймақтағы миссиясы мен рөлі. ЕИТИ еліміздің Екібастұз отын-энергетикалық өңіріндегі 150 мыңға жуық халқы бар жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Институт Екібастұз отын-энергетикалық кешені (ЭТЭК) кәсіпорындары мен Қазақстан Республикасының барлық кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандар даярлауды мақсатты түрде қамтамасыз етеді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметін және ғылыми кадрлар даярлауды жүргізеді.

Оқыту формалары. Институт бірнеше траектория бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады:

Жалпы орта білім базасында: оқу мерзімі 4 жыл жоғары білім алу.

Жоғары білім негізінде: екінші жоғары білім алу.

Техникалық және кәсіптік білім беру базасында (колледждер): қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша жоғары білім алу.

Түлектер. Институт жұмыс істеген жылдары 10 мыңнан астам маман дайындады. Оның түлектері Президент Әкімшілігінде, әкімдік аппараттарында табысты жұмыс істейді, ірі кәсіпорындарды басқарады және Қазақстанда да, шетелде де танымал ғалымдарға айналды.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021