ЕИТИ
Университетіміздің 1000 студенті Coursera платформасында білім алуды бастайды - Жаңалықтар

     Ағымдағы семестрде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 1000 студенті Coursera платформасында University of California, The Hong Kong University of Science and Technology, Duke University, IE Business School, University of Michigan оқу орындары профессорларының 20 курсын оқуды бастайды. Coursera платформасы оқытушыларымыз үшін де пайдалы. Қазіргі уақытта Coursera платформасында білім алатын студенттерге сабақ беретін оқытушыларымыздың ғылыммен айналысуларына және жеке тұлғалық дамуларына қосымша уақыттары пайда болады. Бұл жерде оқытушыларымыздың оқу жүктемесінде ешқандай өзгеріс болмайды. Айта кетейік, осы уақытқа дейін университетіміздің көп оқытушысы Coursera платформасы арқылы біліктіліктерін арттырған болатын.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021