
15 қараша күні студенттер арасында «Қауіпсіздік марафоны» атты квест-ойыны өткізілді. Бұл ерекше әрі танымдық іс-шара барысында қатысушылар қауіпсіздік саласындағы әртүрлі тапсырмаларды орындап, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті. Ұқыптылығы, ұйымшылдығы және дұрыс іс-әрекеттері үшін командалар келесі номинациялар бойынша марапатталды: «Ең сақ команда», «Қауіпсіздік бұрышының үздік инспекторлары», «Дұрыс тамақтану бойынша сарапшылар», «Қауіпсіз мінез-құлық білгірлері», «Алғашқы медициналық көмек шеберлері». Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз! Сіздер іс-шара барысында белсенділік пен ұйымшылдық танытып, қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсеттіңіздер. Өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін әрдайым қорғаңыз!