ЕИТИ
Бізді табыңыз:
15 қазанда Qazaq AI Research University (QAIRU) алаңында Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған форум өтті. - Жаңалықтар

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, ғылыми және академиялық қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ білім беру және инновациялар саласындағы сарапшылар қатысты.
Форум барысында қатысушылар жоғары білім мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін, университеттердің цифрлық трансформациясын, жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізуді, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіруді және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды талқылады.
Форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйледі. Ол жаһандық технологиялық өзгерістер жағдайында жоғары білім мен ғылым жүйесін дамытудың маңыздылығын атап өтіп, кадрлар даярлау сапасын арттыруға, жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді білім беру үдерісіне енгізуге, сондай-ақ елдің ғылыми әлеуетін нығайтуға назар аударды.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021