
Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен — Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзердбайжан және басқа да елдерден келген жетекші сарапшылар, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдар (ETS, College Board сияқты) мен ұлттық тестілеу орталықтарының өкілдері қатысты. Талқылаулар жасанды интеллект пен цифрландыру дәуірінде білімді бағалау жүйесінің өзгеруіне қатысты негізгі үрдістерге арналды.
Конференцияның басты қорытындысы айқын: қазіргі заманғы білім беру жаңа тәсілдерді талап етеді. Әлем қарқынды дамып келе жатқандықтан, білімді бағалаудың дәстүрлі әдістері өз өзектілігін жоғалтуда. Сондықтан, емтиханның жаңа форматтарында сыни ойлауды бағалау міндетті түрде қамтылатын болады. Бұл — болашақ студенттің ақпаратты талдау, шешім қабылдау және өзгермелі ортада шығармашылықпен ойлау қабілетін айқындайтын маңызды дағды. Айта кетейік, бұл өзгерістер 2028 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл бүкіл білім беру жүйесі мен болашақ студенттерге біркелкі әрі тиімді көшуге жеткілікті уақыт береді.
Заман талабына сай болайық және білімді бағалау жүйеміздегі маңызды әрі сапалы өзгерістерге дайындалайық! ✨
