ЕИТИ
23.11.2022 жылы "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ кәсіпорнына "Автоматтандыру және ақпараттық жүйелер" кафедрасының студенттері үшін ЦТАИ бөлімшесіне экскурсия ұйымдастырылды. - Жаңалықтар

Қ. И. Сәтбаев атындағы ЕИТИ мекемесі Екібастұз өңірінің кәсіпорындарымен тығыз байланысты жүзеге асырады. Өзара ынтымақтастық туралы шарттар шеңберінде өндірістік экскурсиялар ұйымдастырылады.
23.11.2022 жылы "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ кәсіпорнына "Автоматтандыру және ақпараттық жүйелер" кафедрасының студенттеріне арналған жылу автоматикасы және өлшеу цехының бөлімшесіне экскурсия ұйымдастырылды.
Студенттерге кәсіпорынның техникалық қуаты, арнайы жабдық, жұмыс процесі көрсетілді. Өндірістік экскурсиялар көрнекілік принципін, практикамен байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді және техникалық оқытуға ықпал етеді.
Қ.И. Сәтбаев атындағы ЕИТИ "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ басшылығына өткізілген экскурсия үшін алғысын білдіреді.

 

 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021