«EKIBASTUZ CHESS STUDENTS CUP» - Жаңалықтар

«EKIBASTUZ CHESS STUDENTS CUP» шахмат турнирінде біздің студенттеріміз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, әрқайсысы орындарға ие болды. Тойшықожа Мұхаммед (БЭ-21 тобы) – І орын, Габдоллаев Муслим (БМТ-11 тобы) – ІІ орын, және Минлихан Ғабдулкәрім (БЭ-31с тобы) – ІІІ орындарға ие болып, дипломдармен марапатталынды. Олардың осы табыстары біз үшін зор мақтаныш. Әрқайсысының табандылығы мен қажырлы еңбегін ерекше бағалаймыз. «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директоры Еркін Құсан мен Екібастұз қаласының жастар мәслихатының төрағасы Нұрлыбахыт Назарбаевқа шын жүректен алғыс айтамыз. Студенттеріміздің бұл жетістіктері болашақта жаңа шыңдарды бағындыруға жол ашады. Оларға тек жеңіс пен үлкен жетістіктер тілейміз!


