ЕИТИ
Бізді табыңыз:
«STOPнашақорлық» - Жаңалықтар

Институтымыздың студенттері есірткі қылмысы және оның алдын алу шараларына арналған межведомстволық кеңеске қатысты. Іс-шара аясында «Екібастұз халқына» Қоғамдық қоры, прокуратура, полиция және Екібастұз қаласының әкімдігі арасында «STOPнашақорлық» (Заң және тәртіп) жобасын іске асыру жөнінде меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күресте, сондай-ақ қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту және Екібастұз қаласында қауіпсіз әлеуметтік орта құруда барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған маңызды қадам болады.
 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021