Ак.Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы қоғамдық қоры мемлекеттік мекемесінің "Дені сау ұлт" атты өткізген онлайн адвайзер-көрмесіне қатысты.
Көрме Павлодар облысы мектептерінің жоғары сынып оқушыларына арналған "Менің таңдауым" фестивалі аясында аймақтағы өзекті және сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру қызметін жандандыру мақсатында алғаш рет өткізілді.
Біздің аймақтың ең танымал және сұранысқа ие мамандықтары, студенттер мен институт оқытушыларының жетістіктері туралы, сонымен қатар ак.Қ.Сәтбаев атындағы ЕИТИ Атамекен рейтінгі бойынша түлектерді жұмысқа орналастырудан бірінші орында тұрғанын, институттың профессорлық- оқытушылар құрамының, оқитын студенттердің жетістіктері туралы, кәсіптік бағдарлау және студенттерді қабылдау орталығының жетекшісі Б. А. Умарова ақпарат берді.