
Академик Қ. Сәтбаева атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында. Екібастұз қаласы полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің бастығы Б.К. Сейтқалиева және Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы А.С. Шаймановамен кездесу өткізді. Іс-шара «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» акциясы аясында өтті.
Кездесу барысында Б.К. Сейтқалиева интернет-алаяқтықтың алдын алу, ана мен бала құқықтарын қорғау, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шайманова А.С. жастардың назарын қоғамдағы ұлтаралық келісімнің, бірлік пен келісімнің маңыздылығына аударды. Сонымен қатар, бұл кездесу студенттер арасында қазіргі әлеуметтік мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы хабардарлықты арттыруға ықпал еткенін атап өтуге болады.
