Институтта талантты студенттер оқиды. - Жаңалықтар

Солардың бірі 4 курс студенті Азатов Қуаныш Адылбекұлы. Ол "MFC Af" медиа футбол командасының ойыншысы, "Жастар Асары" қайырымдылық қорының қатысушысы, "QAZAQ VIBE" медиа курсының спикері, "Event" іс-шараларын ұйымдастырушы, облыстық жарыстардың, өрт-қолданбалы спорттың жүлдегері. Бос уақытында суретке түсірумен, бейнетүсірумен айналысады, балалар мен оқушыларға мобилографияны үйретеді.