
Институттың конференц-залында Павлодар облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция капитаны Хаким Абдуалиевтің студенттермен кездесуі өтті.
Кездесу барысында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған өзекті мәселелер, атап айтқанда, бопсалау, есірткі заттарын тарату, алаяқтық және буллинг тақырыптары қозғалды. Студенттерге аталған құқықбұзушылықтардың құқықтық салдары түсіндіріліп, олардан сақтану бойынша ұсыныстар берілді.
Іс-шараның мақсаты — жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздік пен жеке жауапкершілікке деген саналы көзқарасты қалыптастыру.
Іс-шараның міндеттері:
-жастар арасында кең таралған құқықбұзушылық түрлері туралы студенттерге ақпарат беру;
-бопсалау, есірткі тарату, алаяқтық және буллинг үшін жауапкершілікті реттейтін қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру;
-құқық қорғау органдары мен жастар арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында диалог орнату.