ЕИТИ
Біздің институтта Екібастұз қаласының жастары үшін - Жаңалықтар

Біздің институтта Екібастұз қаласының жастары үшін "Мамандығы бойынша үздік" байқауының жобаларын қорғау өткізілді. Байқаудың бастамашысы "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" ММ қолдауымен "Жастар салауатты өмір салты үшін" жастар қоғамдық бірлестігі болып табылады. Бұл байқауда институт атынан біздің студенттер өз жобаларын қорғады, олар Рахматуллаев Ислам, Хасанов Ельвин, Бойко Кирилл, Богатырева Ирина және Горбунова Дарья. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Әйгерім Баграмова, екінші орынды біздің студент Бойко Кирилл және үшінші орынды Төлеген Муслим алды. Барлық жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, ал қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз.

Ал біз студенттерімізді мақтан тұтамыз.

 

 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021