ЕИТИ
"Богатырь Көмір" ЖШС спорттық – сауықтыру кешенінде Тәуелсіздік күніне арналған "Богатырь Көмір" ЖШС Кубогына Екібастұз қаласының жоғары оқу орындары мен Тараптар командалары арасында шағын футболдан жарыс өтті. - Жаңалықтар

"Богатырь Көмір" ЖШС спорттық – сауықтыру кешенінде Тәуелсіздік күніне арналған "Богатырь Көмір" ЖШС Кубогына Екібастұз қаласының жоғары оқу орындары мен колледж командалары арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа академик Қ. Сәтбаев атындағы инженерлік – техникалық институтының, ЕИТИК-нің командалары мен Екібастұз медициналық колледжінің екі командасы қатысты. Ойын айналымдық жүйеде өтті. Жарыстың ұзақтығы 10 минуттан екі таймнан тұрды. Шебер ойынның арқасында біздің команданың ойыншылары бірінші орынды иеленді, екінші орын Екібастұз медициналық колледжінің командасына бұйырды, ал үшінші орын ЕИТИК командасына берілді. Ойын қорытындылай келе белгілі номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды.
«Үздік шабуылшы» номинациясы біздің студент Ажахметов Әлішерге берілді,

ал Кирилл Швецов «Үздік ойыншы»номинациясына ие болды.
Біздің футболшыларды жеңісімен құттықтаймыз!

 

 

 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021