“Жастар бастамаларын дамыту орталығы” КММ ұйымдастырған бірінші курс студенттерімен еркін форматта кездесу - Жаңалықтар

“Жастар бастамаларын дамыту орталығы" КММ-нің жанынан құрылған ұйымдарды таныстыру мақсатында Екібастұз инженерлік-техникалық институтының бірінші курс студенттерімен еркін форматта кездесу өткізілді.
Кездесуде ұйым жетекшілері өздерінің алға қойған мақсаттарымен бөлісіп колледж студенттерін белсенді болуға шақырды.
Жиын соңында:
Еріктілер клубы
Дебат клубы
"Respect" мото клубы
"Ekibastuz" фан клубтарына
қызығушылық білдірген студенттер тіркеуден өтіп ұйымдар қатарына қосылды.