ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ ЖӘНЕ МЕМОРАНДУМ - Жаңалықтар
Бүгін ҚР жарлығымен бекітілген Жұмысшы мамандықтар жылы бойынша Екібастұз қаласында орналасқан институт және колледж өкілдерінің қатысуымен алқа жиыны өткізілді. Жиын барысында 2025 жылы атқарылатын жұмыстар, алдыңғы жылға шағын қортынды жасалды. Әрі қарай дәстүрге айналған екі жақты меморандум рәсімі өткізілді. Бұл меморандум жастармен студенттерді қоғамдық жұмысқа баулып, бос уақыттарын тиімді өткізуге бағытталады. Сонымен бірге жастардың зиянды заттардан алыс болып, жемқорлықсыз қоғам құруға бағытталады. Жиын барысында 2025 жыл-Жұмысшы мамандықтар жылы бойынша жылдық жоспарларға қатысушылар тарапынан ұсыныстар, пікірлер айтылды.
Прикрепленные файлы
Видео (mp4)