
Бүгін Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттары, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Мариям Маликова мен Далида Сиваракша «Студенттік» бастауыш партия ұйымының партияластарымен кездесіп, атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
Кездесу барысында депутаттар 2025 жыл және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы өз сайлау округтерінде атқарған жұмыстары туралы баяндап, ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл Жол картасы сайлаушылардың ұсыныс-тілектері негізінде қалыптастырылып, мемлекеттік органдар тарапынан қаржыландырумен қамтамасыз етілген. Құжат абаттандыру, инженерлік инфрақұрылымды жөндеу, әлеуметтік нысандарды жаңғырту, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау сияқты негізгі бағыттарды қамтиды.
Бұдан бөлек, депутаттар «Таза Қазақстан», «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ұлттық мұра», «Turgyndar amanaty» және басқа да партиялық жобалар аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Филиал жанында тұрақты түрде қоғамдық қабылдау бөлмесі, партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмыс істейтіні атап өтілді.
