ЕИТИ
«Алаяқтықтан қорғау» - Жаңалықтар

Бүгін біздің институтымызда Екібастұз қалалық прокуратурасының прокуроры Масабек Нұрқанат Сералыұлы және Halyk Bank Екібастұз филиалының директорының орынбасары Аканов Азамат студенттермен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы «Алаяқтықтан қорғау», онда олар интернет-алаяқтық түрлері, түсіру схемалары, жалған инвестициялар, жалған қоңыраулар, жалған дүкендер туралы және т.б. егжей-тегжейлі жағдйларды түсіндірді. Олар қауіпсіздік шаралары туралы айтты, мысалы: бейтаныс нөмірлерге жауап бермеңіз; SMS кодтарын, карта нөмірлерін, шот деректемелерін, логиндер мен парольдерді жазбаңыз; жеке деректерді жібермеңіз; прокурор Н.С. Масабек егер банк қызметкерлері немесе Құқық қорғау органдары қоңырау шалып, өздерін таныстырса, қоңырауды тастап және олар өздерін таныстырған банкке қайта қоңырау шалу, 3-ші адам арқылы өтініші бойынша ақша бермеуге және т.б. туралы айтылды. Ақанов Азамат өзінің баяндамасында қорғау бойынша түрлі схемаларды ұсыныс ретінде беріп, қауіпсіздік сайып келгенде азаматтардың өздеріне байланысты екенін атап өтті! Аталған шара студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ өздерін және жақындарын киберқауіп – қатерден қорғауға бағытталды.

Прикрепленные файлы
«Алаяқтықтан қорғау»
Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021