ЕИТИ
«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директор Айқынбеков С.Б. және ішкі тренер, Адами ресурстарды басқару департаментінің менеджері Қарыбаева Д.А. Екібастұз колледжі мен академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтына барды. - Жаңалықтар

2025 жылға арналған «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы мен бейінді оқу орындарының ынтымақтастық бағдарламасы аясында 23 сәуір күні Қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директор Айқынбеков С.Б. және ішкі тренер, Адами ресурстарды басқару департаментінің менеджері Қарыбаева Д.А. Екібастұз колледжі мен академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтына барды.
 Аталған оқу орны — еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады және теміржол саласының нағыз кәсіби мамандарын даярлайды. Бұл сапар — теміржол саласында болашағы бар мамандықтарға қызығушылықты арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
✔️Негізгі мақсат — қонақ лекцияларын өткізу және студенттерге теміржол саласындағы мансаптық мүмкіндіктерді тереңірек түсінуге көмектесетін үгіт-насихат шараларын ұйымдастыру.
Кездесу барысында біздің сарапшылар тарапынан мазмұнды дәрістер оқылып, олар өз тәжірибелерімен бөлісті, теміржолдағы заманауи технологиялар мен қауіпсіздік мәселелері туралы айтып, студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

Прикрепленные файлы
Видео (mp4)
Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021