ЕИТИ
Квота - Жаңалықтар

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН САНАТ БОЙЫНША ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСАТЫН ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

 



Сіздерге 2024 жылғы квоталар мөлшері туралы ақпарат ұсынамыз.
Жеңілдіктері бар оқуға түсушілер керек анықтамаларды құзыретті органдардан алады.

МАҢЫЗДЫ: Ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ. Егер сіз ауылдық жерде орналасқан мектепті бітірсеңіз, ақпарат базада болады. Атап өтсек, ауыл квотасы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша беріледі.

Квота мөлшері дегеніміз – бөлінген грант санының пайыздық үлесі. Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген. Оның ішінде 137 грант немесе 1%-ы жетім балаларға, 549 грант немесе 4%-ы қандастарға, 687 грант немесе 5%-ы көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға арналған.

Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады. Олардың байланыс нөмірлері Telegram арнамызда жарияланған.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021