ЕИТИ
"Көпбалалы отбасы" квотасы - Жаңалықтар

Сәлем, 2024 жылғы талапкерлер!

Бүгін «көпбалалы отбасы» квотасы туралы ақпарат ұсынамыз!

Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балалар квотасы 5%-ды құрайды. Яғни, жалпы мамандыққа бөлінген гранттың 5%-ы осы квотамен беріледі. Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген. Оның ішінде 687 грант немесе 5%-ы көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арналған.

✅ «Көпбалалы отбасы» квотасы бойынша грант конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші 18 жасқа толмауы керек. Отбасында кәмелетке толмаған төрт бала, оның ішінде 23 жасқа толмаған күндізгі бөлімде оқитын жоо немесе колледж студенті болу керек.
Мысалы, талапкердің өзі (18 жасқа толмаған) + 1 бала (18 жасқа толмаған) + 1 бала (18 жасқа толмаған) + 1 бала (23 жасқа толмаған күндізгі бөлімде оқитын жоо немесе колледж студенті).

❓Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады. Олардың байланыс нөмірлері Telegram арнамызда жарияланған.

Мүмкіндікті өткізіп алмаңыздар.
Ақпарат пайдалы болды деп үміттенеміз!

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021