ЕИТИ
НАУРЫЗ АЙЫНДАҒЫ ҰБТ - Жаңалықтар

НАУРЫЗ АЙЫНДАҒЫ ҰБТ

  • Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 15-25 ақпан аралығында өтеді.
  • Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
  • Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.


Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
✅орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
✅шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
✅өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);
✅ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;
✅шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).

 

  • Тестілеуге қатысу құны – 5640 теңге.

‼️Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін ПУНКТТІ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркі бойынша таңдайды.
Сәттілік!

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021