ЕИТИ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті - Жаңалықтар

Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының "Тау-кен ісі" кафедрасының студенттері  "Тау-кен инженериясы" білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиадада сәтті өнер көрсетті!

2025 жылдың 22-26 сәуір аралығында Алматы қаласында Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті:

  •     Тау-кен өндірісінің негіздері
  •     Тау жыныстарының физикасы
  •     Тау-кен технологиясы

Олимпиадаға Қазақстанның түрлі аймақтарынан 21 студент қатысты.

Біздің команданың нәтижелері:

  • 2 орын (ақшалай сыйлық 75 000 мөлшерінде) - Мұқатай Мақсат Жұматұлы (гр. БГД-21); 
  • Қатысушы сертификаты-Әбілда Рустам Жанатұлы (гр. БГД-21)

Команда жетекшісі: "Тау-кен ісі" кафедрасының доценті Қайназаров А.С.

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-ға ұйымдастырудың жоғары деңгейі мен жылы қабылдауы үшін, сондай-ақ барлық қатысушыларға кәсібилігі мен мақсаттылығы үшін шын жүректен алғыс айтамыз!
Алға-тау-кен ғылымы мен техникасының жаңа шыңдарына!

Прикрепленные файлы
Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі
Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021