ЕИТИ
Бізді табыңыз:
Ұлттық кітап күні - Жаңалықтар

Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күнінің аясында институтымыздың студенттері TikTok пен Instagram-ды үздіксіз қараудың орнына, кітапханаға барып, көркем әдебиет әлеміне сүңгуге шақырады. Өйткені, кітап – тек көңіл көтеру ғана емес, рухани байлығымызды арттырып, көзқарасымызды кеңейтіп, жаңа жетістіктерге шабыттандыратын аса құнды дүние.
Сонымен қатар, осы күні барлық кітапханашыларды құттықтап, олардың білім сақтауда, мәдени мұраны қорғауда және кітаптарды әр адамға қолжетімді ету жолындағы баға жетпес еңбегін жоғары бағалаймыз. Сіздерге өз ісіңізге адалдық пен білім мен мәдениетті дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!

 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021