ЕИТИ
Бізді табыңыз:
СТУДЕНТТЕРІМІЗ — СҒЗЖ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ! - Жаңалықтар

Әбылқас Сағынов атындағы ҚарТУ базасында «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасы бойынша өткен Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) республикалық конкурсында біздің институттың жобасы үздік үштіктің қатарынан көрінді!
Еліміздің 8 жетекші жоғары оқу орнынан жиналған 15 ең мықты ғылыми жұмыстың ішінен суырылып шыққан Академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ-дің жас ғалымдары ІІІ дәрежелі Министрлік дипломымен марапатталды!

  • Біздің жеңімпаздар: Серік Арсен Арманұлы және Әбілда Алмас Жанатұлы.
  • Инновациялық жоба: «Жер астында жүргізілетін жұмыстар кезінде позициялау және қауіпсіздік жүйелерін автоматтандыру».
  • Ғылыми жетекші: Кайназаров Арман Серикович, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор.

Арсенді, Алмасты және олардың ғылыми жетекшісі Арман Сериковичті республикалық деңгейдегі осынау жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер ЕИТИ инженерлік мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдедіңіздер. Ғылым жолында жаңа биіктерді бағындыра беріңіздер! 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021