
2026 жылғы 22 сәуір күні «SDU University» мекемесінің қабырғасында Қазақстан университеттерінің студенттік үкімет президенттері мен көшбасшы студенттерге арналған «Жаңа Конституция - Жастар: Республикалық көшбасшы студенттер форумы» іс-шарасы ұйымдастырылды. Біздің жоғары оқу орнынан 2 курс студенттері Беков Адам және Мадибраимова Айсулу қатысып, тәжірибе алмасты.
Форум мазмұны Абай Құнанбайұлының «Толық адам» концепциясына негізделіп, үш негізгі бағытта жүзеге асырылып:
• «Нұрлы ақыл» панельдік сессиясында: Әлімжан Игенбаев, Ақмарал Смагулова, Марат Тоқашбаев, Ғалымжан Кеңшілік, Қуаныш Бейсек қонақ болып, студенттермен Абайдың «Толық адам» ілімі бойынша өз ойларымен бөлісті.
• «Жылы жүрек» панельдік сессиясында: Ақерке Абылайхан, Сәкен Бибосынов, Ертуған Зейнуллинов, Ұшқын Жамалбек, Дастан Мухамедрахим өз тәжірибелерімен бөлісті.
• «Ыстық қайрат» сессиясында көшбасшы студенттер өзара тәжірибе алмасып, өз жобаларымен бөлісті.
Сонымен қатар форум барысында «Көшбасшылар аллеясының» ашылу салтанаты өтіп, әрбір студент ағаш отырғызуға өз үлестерін қосты.
