ЕИТИ
Бізді табыңыз:
Жаңа Конституция — құқықтық мемлекеттің негізі - Жаңалықтар

Институтымызда «Жаңа Конституция — құқықтық мемлекеттің негізі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында институт ректоры студенттер алдында сөз сөйлеп, конституциялық қағидаттарды түсінудің, заң талаптарын сақтаудың, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, сондай-ақ жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар Конституцияның құқықтық мемлекетті нығайтудағы, азаматтық жауапкершілікті арттырудағы және әділетті қоғам қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және еліміздің Ата Заңына деген құрметін нығайтуға ықпал етеді.
Өз құқықтары мен міндеттерін білу — жауапты азаматтың және қуатты мемлекеттің негізі!

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021