ЕИТИ
Бізді табыңыз:
«Заң мен тәртіп» идеологемасы шеңберінде оқыту кездесуі және интерактивті дәріс өткізілді. - Жаңалықтар

2026 жылғы 12 қазанда Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжінде «Заң мен тәртіп» идеологемасы шеңберінде буллинг, кибербуллинг, құқықтық сауаттылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сталкинг, Алаяқтық, Құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыптарында оқыту кездесуі және интерактивті дәріс өткізілді.
Іс-шараның спикерлері:
Екібастұз қ. ПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты. Атеева А.А.;
Екібастұз қ. ПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы, полиция лейтенанты Хамитова А.С.;
Екібастұз қ. ПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Жунусова И.Д.;
кәсіби медиатор, заңгер - Ағыбаев Әлімбек Төлгенұлы;
психолог - Тураева Мария Дмитриевна.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021