
Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі талапты жастар үшін зор мүмкіндік! “Серпін – 2050” әлеуметтік бағдарламасы аясында Павлодар қаласының төрт жетекші жоғары оқу орны 2025-2026 оқу жылына тегін грант негізінде білім алуға шақырады!
Павлодар облысында “Серпін” бағдарламасымен білім беретін ЖОО-лар:
С. Торайғыров атындағы Павлодар университеті (ToU)
Техникалық, педагогикалық, аграрлық және IT салалары бойынша білім беретін өңірдің флагманы. Заманауи зертханалар, дуалды білім беру, жатақхана және түлектерді жұмысқа орналастыру жүйесімен ерекшеленеді.
Инновациялық Еуразия университеті (ИнЕУ)Инженерия, ІТ, экономика, бизнес және құқық салаларындағы жетекші университет. Білім мен тәжірибені ұштастыратын оқу бағдарламалары, халықаралық серіктестік пен жобалық оқыту жүйесі бар.
Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты (ЕИТИ)Екібастұз қаласында орналасқан техникалық бағыттағы ЖОО. Энергетика, көлік, құрылыс, экология саласында кадр даярлайды. Серпін бағдарламасы бойынша келген студенттер жатақханамен қамтылады, стипендия алады және өндірістік практикадан өтеді.
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті (ППУ)Қазақстандағы ең ірі педагогикалық оқу орындарының бірі. Мектепке дейінгі, бастауыш, пәндік оқыту, психология, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі сияқты бағыттарда мамандар даярлайды. Болашақ ұстаздар үшін үлкен мүмкіндіктер алаңы.
Неге Серпін?
✅ Мемлекеттік грант негізіндегі тегін оқу
✅ Жатақханамен қамтамасыз етілу
✅ Стипендия
✅ Еңбекпен қамту кепілдігі
✅ Жаңа өңір – жаңа өмірлік тәжірибе
Серпінмен – болашағың айқын!
Қосымша ақпаратты мына ресурстардан алуға болады:
Байланыс номеры: 8747 247 70 70
www.serpin.kz
ЖОО-лардың ресми сайттары мен қабылдау комиссиясы парақшалары