Әлеуметтік бейнероликтер байқауының жеңімпазы! - Жаңалықтар

Әлеуметтік бейнероликтер байқауының жеңімпазы!
"Тау-кен ісі" кафедраның студенті Әбілда Рустам Жанатұлы қалалық әлеуметтік бейнероликтер байқауында I орын иеленді. Байқауды «Екібастұз қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ ұйымдастырды.
Авторлық «АҒА» жобасы нашақорлық қылмысының алдын алу және заңды құрметтеу тақырыбына арналған. Бейнероликте ҚР ҚК 297-бабының қатаңдығы және саналы таңдау жасаудың маңыздылығы көрсетілген.
Рустамды жеңісімен құттықтаймыз және оқуында, шығармашылығында жаңа жетістіктер тілейміз!
