ЕИТИ
"Атамекен" ҰКП қазақстандық жоғары оқу орындарының 2022 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингінің қорытындысы шығарылды. - Жаңалықтар

    "Атамекен" ҰКП қазақстандық жоғары оқу орындарының 2022 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингінің қорытындысы шығарылды.
2022 жылы "Атамекен" рейтингінде академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының 12 білім беру бағдарламасы бағаланды. Оның ішінде 5 ББ үздік орынға ие болды: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Электр энергетикасы; Тау-кен ; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Жылу энергетикасы.
3 ББ жетекші - 6 рейтингке ие болды: Автоматтандыру және басқару; Металлургия; Құрылыс;
      "Атамекен" ҰКП Білім беру бағдарламаларының жыл сайынғы рейтингі ҚР жетекші компаниялары мен нарық сарапшыларының қатарынан жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен жасалады. Бағдарламалар 15 критерий бойынша бағаланады, оқытушылардың практикалық тәжірибесі, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге өндірушілердің қатысуы, халықаралық аккредиттеудің болуы ескеріледі, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін талдауға ерекше назар аударылады.
      "Металлургия" және "Жылу энергетикасы" білім беру бағдарламалары ерекше атап өтілді, түлектерді жұмысқа орналастыру 100% құрайды. 7 Білім беру бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу 85% - дан асады.
        Еліміздің Бас жұмыс берушісі жасаған бағдарламалардың рейтингі академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты түлектерінің өндіріске деген сұранысын және институттың жылдан жылға өсіп келе жатқан білім беру бағдарламаларының сапасын растайды.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021