Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! - Жаңалықтар

4 маусым — еліміздің бірлігі мен тәуелсіздігін, егемендігі мен тұтастығын айшықтайтын ерекше күн. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны — ұлттық болмысымыздың, тарихи жадымыздың, мәдени құндылықтарымыздың және халқымыздың жарқын болашаққа деген ұмтылысының символдары.
Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет әр азаматтың жүрегіндегі отансүйгіштік сезімді, азаматтық жауапкершілікті және туған елге деген мақтанышты нығайта берсін. Баршаңызға бейбіт өмір, амандық, тұрақтылық, толағай табыстар мен Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы жетістіктер тілейміз!
Мереке құтты болсын!
