Басты бетЖаңалықтарПри поддержке КГУ "Центр развития молодежных инициатив" прошел конкурс военно-патриотической направленности среди колледжей города
«Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-інің қолдауымен қала колледждері арасында әскери-патриоттық бағыттағы сайыс өтті - Жаңалықтар

Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жанындағы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-інің қолдауымен қала колледждері арасында әскери-патриоттық бағыттағы сайыс өтті.
Сайысқа 5 колледждің командалары қатысып, бірнеше кезең бойынша өзара бақ сынасты. Қатысушылар саптық дайындық, әскери эстафета, күш пен ептілікті талап ететін тапсырмалар, сондай-ақ командалық бірлікті айқындайтын кезеңдерде өз мүмкіндіктерін көрсетті.
Іс-шара жастардың патриоттық рухын нығайтуға, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
