ЕИТИ
Бізді табыңыз:
«Студент бүгін – маман ертең» жастар форумы «ӘDILET» саяси партиясының қолдауымен академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында Еңбек күніне орай «Студент бүгін – маман ертең» тақырыбында жастар форумы өтті. Форумның негізгі мақсаты – студент жастар, мемлекеттік органдардың өкілдері және әлеуетті жұмыс берушілер арасында ашық диалог орнату, жастардың кәсіби дамуына қолдау көрсету. - Жаңалықтар

Форумның негізгі мақсаты – студент жастар, мемлекеттік органдардың өкілдері және әлеуетті жұмыс берушілер арасында ашық диалог орнату, жастардың кәсіби дамуына қолдау көрсету.
Іс-шара барысында еркін әрі интерактивті форматта түлектерді жұмыспен қамту, жас мамандардың еңбек нарығына бейімделуі және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру мәселелері талқыланды.
Форумға қолдау көрсетіп, белсенді қатысқан өңіріміздің ірі кәсіпорындарына, институтымыздың белсенді әрі талантты түлектері мен студенттеріне алғысымызды білдіреміз!
Бірлескен осындай бастамалар – жастардың кәсіби болашағын айқындап, еңбекке деген құрметті қалыптастыруға маңызды үлес қосады.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021