ЕИТИ
Грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады. - Жаңалықтар

Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн және eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.

❓ҰБТ-дан кейін грант конкурсына қатысу үшін қандай құжаттарды тапсыру керек?

Сақтап алыңыздар????

  • жеке куәлік;
  • ҰБТ сертификаты;
  • 3х4 көлеміндегі фото;
  • орта білім туралы аттестат (колледж түлектері үшін диплом);
  • жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;

B167 Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану БББТ үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.
 

Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021