ЕИТИ
Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы турнирі өткізілді. - Жаңалықтар

Пікірсайыс бойынша Турнир (бұдан әрі-Турнир) Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және осы тақырып бойынша лоттың техникалық ерекшелігінің шарттары шеңберінде мемлекеттік жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру мақсатында өткізіледі. Сондай-ақ, бұл турнир жастардың зияткерлік бос уақытын ұйымдастыру жүйесін жетілдіруге және жастар ортасында "пікірсайыстар" білім беру технологиясын дамытуға бағытталған.
Турнирдің мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау және сыбайлас

жемқорлықтан бас тарту, жастар бойында адал, ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру.
Турнирдің міндеттері:
- Сыни және талдамалық ойлауды, шектеулі уақыт жағдайында шешім қабылдау дағдыларын дамыту;
- Қатысушылардың коммуникативтік және басқарушылық құзыреттілігін, олардың көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту;
- Қоғамдық бастаманы, жеке белсенділікті және мүдделі азаматтық ұстанымды қалыптастыру;
- Жастарды түрлі жастар мәселелерін талқылауға тарту.
Пікірсайыс жеңімпаздарын төрешілер тобы анықтайды.
Төрешілер командасы Екібастұз өңірінің үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінен, оқу орындарының оқытушыларынан

және қоғамдық пікір көшбасшыларынан тұрды.
Пікірсайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Құттықтаймыз, "Данышпан" командасы турнирде екінші орын алды.

Жарайсыңдар! Бұл тек бастамасы!!!

 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021