ЕИТИ
"Интернеттегі алаяқтық пен алаяқтықтың алдын алу" - Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 16 және 17 қыркүйек айында қала прокуратурасы полиция Басқармасымен және "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Екібастұз қаласы филиалының өкілдерімен бірлесіп, "Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі" КМҚК, "Екібастұз медициналық колледжі"КМҚК, "Екібастұз политехникалық колледжі" ШЖҚ МКК, "Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжі" МЕБМ, "ЭКИнЕУ", "Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты" студенттерімен интернет – алаяқтық пен дропперліктің алдын алу мәселесі бойынша құқықтық дәріс өткізді,   оқушыларды қамту 600-ден астам адамды құрады.

Кеңес барысында спикерлер студенттердің назарына интернет – алаяқтық жасаудың жаңа әдістері, схемалары мен тәсілдерін жеткізді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы "дропперство"үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа бабы талқыланып, оқушылардың назарына жеткізілді.

Кездесу нәтижелері бойынша оқушыларға бірқатар ұсыныстар берілді және сыни жағдайлар туындаған кезде мінез-құлық ережелері түсіндірілді, сондай – ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жадынамалар берілді.

Прикрепленные файлы
"Интернеттегі алаяқтық пен алаяқтықтың алдын алу"
Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021