ЕИТИ
Кәсіптік бағдар жұмысы... - Жаңалықтар

 

 

1994 жылы Екібастұз қаласындағы ак.Қ.И.Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институты құрылғаннан бері

қаламыздағы жастар алысқа бармай-ақ өзінің туған жерінде жоғары техникалық және экономикалық білім алады.
Институттың 20 жылдық тарихында 9000 астам жоғары білікті мамандарды дайындап шығарды,бүгінгі күні олардың бәрі

Қазақстандағы өндірістердің барлық салаларында қызмет істеуде. Ак.Қ.И.Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институтының түлектері өздерінің дипломдарын ақтап қазір Ресей, Канада, АҚШ,Германия т.б. елдерде қызмет етуде.
Ак.Қ.И.Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық мерзімсіз мемлекеттік лицензияға АА №0000243 ие болды.
Институт 23 білім беру бағдарлама бойынша дайындық өткізіледі.
Қазақстан Республикасының ЖОО Ассоциациясының мүшесі.
Ак.Қ.И.Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институтының негізін қалаушы физика-математикалық ғылымдарының докторы, профессор , академик Марат Пазылович Марденов.

Жетістіктері «Интеллект нации»мемлекеттік сыйлығымен расталған» (Москва, 2010ж.)
Институт Фрайбергтау-кен академиясымен (Германия), Канада фирмасы «NATCH», Украина Мемлекеттік тау-кен Университетімен,

РФ ЖОО және Қазақстанның ЖОО бірлесіп жұмыс істеуде.
Институт студенттері өндірістік практикаларын қаламыздың алып өндірістерінде өтеді: «БогатырьКөмір»,

«Восточный» кеніштері, МАЭС-1, МАЭС-2 т.б.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021