ЕИТИ
«Бейбітшілік батырлары» дәстүрлі садақ атудан турнир өтті - Жаңалықтар

Садақ ату – ежелден бері қанымызда бар өнер. Қазақ тарихында садақ пен жебені жанына серік етіп, құралайды көзге атқан мергендер әр заманда болған. Білекті батырларымыз кең-байтақ жерімізге көзі түскен жауларымызды садақпен атып, найзаның ұшымен түйреп қорғаған.
Соңғы жылдары елімізде ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылық еселеп арта түскен. Оның ішінде дәстүрлі садақ ату — қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан спорттың бірі. Адамның бойында жігерлікті, батылдықты, шыдамдылықты талап ететін спорттың бұл түрі өңірімізде де қанатын жайып келе жатқаны белгілі.
Осыған орай «Бейбітшілік батырлары» дәстүрлі садақ атудан турнир өтті. Сол турнирге біздің студенттеріміз де қатысып, алғыс хаттармен марапатталынды.

Прикрепленные файлы
Видео (mp4)
Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021