@shanyrak_ekibastuza мейрамханасында “ЕРІКТІ БОЛУ-ЕРЛІК” волонтерлер фестивалі өтті.
Фестивальге қаламыздың барлық волонтерлерлық ұйымдары қатысып, “Волонтерлердің алтын кітабы” жинағының тұсаукесері өтті. Қоғам алдында оң көзқарас қалыптастыру, волонтер болып қызмет еткен әр адамға құрмет көрсету мақсатында шығарылған кітапқа әр волонтерлық ұйымның енгізілгенін растайтын куәліктерді Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары @bibigul_imangaliyeva табыстады.
Сонымен қатар, көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасау ісіне белсене атсалысып жүргендері үшін “Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы” ММ басшысы @alnur_seidumanov атынан арнайы алғыс хатпен марапатталды. Алғыс хатты Екібастұз қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы @rauan_zhanteliev және “Жастар бастамаларын дамыту орталығы” директоры @erkin.jas табыстады.
Екібастұз қаласы Полиция басқармасының басшысы @tolegen_aidarhanovich іс-шараға қатысып, барша волонтерлерге жылы лебізін білдіріп, алғысын жаудырды.
Кеш жас волонтерлердің вальсі мен әсем әуенмен жалғасты.Кеште арнайы фуршет және 200 сыйлық әзірленіп, табысталды.
Кешті жүргізген @isataevva_a , @maxmakos , әннен шашу шашқан @toleubaevdarkhan, @soulaqai, саксафон аспабында тарту жасаған khbekimaru , волонтерлер валісіне белсенді қатысқан @birgemiz_ekibastuz еріктілеріне алғыс білдіреміз.