Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды - Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ғылым күніне орай сенбілік ұйымдастырылды. Институттың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері белсенді қатысып, аумақты тазалауға атсалысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
Бұл шара ұжымды біріктіріп, бейресми қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Сенбіліктен кейін қатысушылар шай үстінде бас қосып, әсерлерімен бөлісті.
Осындай игі бастамалар бірлікті нығайтып, үлкен әрі тату ұжым екенімізді сезіндіреді.
