«САҒАН КІТАП АРНАДЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ - Жаңалықтар

25 қазан – Республика күніне орай «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында «Саған кітап арнадым» республикалық акциясы өтті. Іс-шараға институт оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты.
Акция кітап оқу мәдениетін насихаттауға, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге, оқуға деген қызығушылықты арттыруға және кітап алмасу дәстүрін қалыптастыруға бағытталды.
Қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, кітап сыйлады. Әрбір тарту етілген кітап білімге деген құрметтің, рухани жақындық пен игі ниеттің белгісіне айналды.
Кітап сыйлау – біліммен бөлісу, шабыт беру және рухани дүниені байыту. Кітап оқитын ұлттың болашағы әрдайым жарқын!
