«ҮЗДІК ЖАС КӨШБАСШЫ» атты республикалық дарынды жастар байқауы - Жаңалықтар

Біздің БЭ-21 тобының студенті Тойшықожа Мұхаммед, Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын білім беру саласы мамандары мен білім алушылар арасында кеңінен насихаттауға бағытталған «ҮЗДІК ЖАС КӨШБАСШЫ» атты республикалық дарынды жастар байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болып, жеңімпаз атанды.
Байқау Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында жоғары деңгейде өтті. Жетекшісі — Шаймагамбетова Айжан Чапаевна.
Жас жеңімпазымызды үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз, алдағы оқу жолында толағай табыстар тілейміз!
