ЕИТИ
«Қазақстандағы IT- мектептердің білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру тәжірибесі: жасанды интеллект саласындағы оқу бағдарламаларын жаңарту» атты республикалық семинар - Жаңалықтар

11.09.2025 жылы «Автоматтандыру және ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушылары Қыдырбаева А.Б. және Зозуля Е.С. «Қазақстандағы IT- мектептердің білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру тәжірибесі: жасанды интеллект саласындағы оқу бағдарламаларын жаңарту» атты республикалық семинарға қатысты. Семинар барысында қатысушылар ЖИ-ді оқытудың заманауи тәсілдерін, оқу бағдарламаларын жаңартуды және педагогтарды цифрлық технологиялармен жұмыс істеуге дайындауды талқылады. Бұл шара мамандардың тәжірибе алмасуына және өскелең ұрпақтың цифрлық құзыреттерін дамыту перспективаларын талқылауға тамаша алаң болды.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021