ЕИТИ
Бүгін Екібастұзда көрнекті ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының (ЕИТИ) негізін қалаушы Марат Пазылұлы Марденовтың 85 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті - Жаңалықтар

Марат Пазылұлы Марденовтың ғылым мен білім саласындағы, сондай-ақ өңірдің инженерлік-техникалық мектебін қалыптастырудағы үлесі орасан зор.

Конференция аясында мен «Екібастұз өңіріндегі қалдықтар мен шығарындыларды мемлекеттік реттеу» тақырыбында баяндама жасадым. Бұл тақырып маған өңірдің көмір өнеркәсібі кәсіпорындарында 20 жылдан астам жұмыс істеген маман ретінде жақын. Сонымен қатар, бұл мәселе менің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы оқуымның зерттеу нысаны болып табылады.


Конференцияға қатысу әріптестермен тәжірибе алмасуға және өңірдің экологиялық қауіпсіздігі мен орнықты дамуының өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021