
Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 36 жыл толды. Дәстүр бойынша Ауғанстан жолдарымен өткен барлық интернационалист жауынгерлерді еске алуға жиналып, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым еттік.
Ауған соғысына қатысқан сарбаздар қайсарлық пен адалдықтың үлгісі болды. Олар шын мәнінде ерлік пен патриотизмнің символына айналды. Бейбіт өмірге оралғаннан кейін де көптеген ардагерлер еліміздің дамуына өз үлестерін қосты, жастарға үлгі болып келеді. Қаламызда көп жылдардан бері жұмыс істеп жатқан Ауғанстан ардагерлерінің одағы соған дәлел.
Біз өткенді ұмытпай, болашақ ұрпаққа оның мәні мен маңызын түсіндіруіміз керек. Соғыс деген – қайғы мен қасірет. Бейбітшілік – ең қымбат құндылық. Біздің парызымыз – Отанымыздың тәуелсіздігін сақтап, бейбітшілікті нығайту.