"Ғылымдағы әйел: гендерлік стереотиптер және мансаптық мүмкіндіктер" атты семинар - Жаңалықтар

Біздің институтта "Әйел және ғылым: шексіз мүмкіндіктер" партиялық жобасы және партияның Павлодар облыстық филиалы әйелдер кеңесінің жұмысы аясында "Ғылымдағы әйел: гендерлік стереотиптер және мансаптық мүмкіндіктер" атты семинар өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты-ғылыми саладағы әйелдерді қолдау және олардың кәсіби перспективаларын кеңейту. Семинар ғылымда әйелдер көшбасшылығының дамуы туралы пікір алмасу, шабыт беру және талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Қатысушылар әйелдердің ғылыми қызметке елеулі үлес қоса алатынын, мансапты, отбасын және қоғамдық жұмысты табысты үйлестіретінін атап өтті.
